жаңалық
Urban Forum Qazaqsha
26 сәуір күні Алматы қаласында біздің «Urban Forum Qazaqsha» атты шарамыз өтеді. Тұңғыш рет қазақ тілінде өтетін жобамызға Сорос-Қазақстан қоры қолдау көрсетіп отыр.
Алматы қаласының студент жастарын және қала өміріне бей-жай қарамайтын жандардың барлығын басқосуымызға шақырамыз, ару қаламыз Алматының бүгінгі жағдайы жайында пікір алмасып, оның тұрмысы мен тіршілігін жақсартуға мүдделі болатын мүмкіндіктер турасында бірге ойланайық, ой қозғайық.

Форум аясында қаладағы ортаның жастар үшін қаншалықты қолайлы екендігін айғақтайтын жаңа зерттеулердің нәтижелерін ұсынамыз, әрі тәуелсіз қалалық бастамалар көтеру, оны дамыту мүмкіндіктері жайында айтатын боламыз.

Бұдан өзге, бүгінгі заманғы қолайлы орта, жайлы қала қандай болуы керек, қазіргі қоғам және экология, қаланың барлық тұрғындар үшін қолжетімділігі жайлы сарапшылардың ой-пікірін тыңдап, әңгіме-дүкен құрамыз.

Бішкек пен Бакуден келген жас сәулетшілер, қоғам белсенділері өзекті әрі пайдалы жобаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөліседі.

Келем деушілерге есігіміз ашық!
Urban Forum Qazaqsha
Күні:
26 сәуір
Өтетін орны және мекен-жайы:
SmArt.Point (Байзаков көш., 280)
Уақыты:
09.50-17.30
Шара қазақ тілінде өтеді
26 апреля Urban Forum Kazakhstan при поддержке Фонда Сорос-Казахстан провел свое первое мероприятие на казахском языке - Urban Forum Qazaqsha.

Мы пригласили студенческую молодежь Алматы и всех интересующихся провести день с нами, включиться в урбанистический дискурс и узнать, как можно влиять на изменения в городе.

На форуме были представлены результаты нового исследования комфортности городской среды Алматы для молодых людей. Спикеры и эксперты встречи рассказали о возможностях по созданию и развитию независимых городских инициатив.

Молодые архитекторы и активисты из Бишкека и Баку поделились своим опытом реализации актуальных и полезных проектов.
Urban Forum Qazaqsha
Дата:
26 апреля
Место и адрес:
SmArt.Point (ул. Байзакова, 280)
Время:
09.50-17.30
Язык форума:
казахский. С синхронным переводом на русский
Партнер
Мероприятие организовано при поддержке Фонда Сорос-Казахстан