Urban Forum Kazakhstan
Atyrau Urban Weekend
20-21 сентября 2019
21 и 22 сентября Urban Forum Kazakhstan в партнерстве с КГУ «Гражданский центр управления внутренней политики Атырауской области» провели первый Atyrau Urban Weekend.
Двухдневная программа была ориентирована на широкую аудиторию – мы пригласили жителей Атырау, студентов, пенсионеров, представителей городской администрации и всех интересующихся урбанистикой.

Спикерами выступили Асель Есжанова (Urban Forum Kazakhstan), Адиль Нурмаков (Urban Forum Kazakhstan), Шынар Изтелеуова (Фонд развития и поддержки «Тан»).

Нам удалось вместе у участниками поговорить о городе и о том, как урбанисты подходят к решению городских проблем. Были представлены результаты исследования восприятия комфортности Атырау его жителями. Анализ был проведен в 2018 году Urban Forum Kazakhstan при поддержке Chevron. Кураторы также провели DIY(do it yourself)-сессию, посвященную общественным пространствам города и способам улучшить среду, применяя методики соучаствующего проектирования. В программе нашлось место для городской прогулки и кинопоказа фильма «Человеческий масштаб».
Атырауда 20-21 қыркүйек күндері «Atyrau Urban weekend» талқылау шарасы өтті. Онда қаламыздың бүгінгі жағдайы жайында пікір алмасып, оның тұрмысы мен тіршілігін жақсартуға мүдделі болатын мүмкіндіктер турасында талқыланды.

Азаматтық орталықтың ұйымдастыруымен өткен шараға Атырау тұрғындары, зейнеткерлер, қалалық әкімдіктің өкілдері, еріктілер мен қала белсенділері, сарапшылар қатысты. Шараға спикер ретінде Алматыдағы «Urban Forum Kazakhstan» жобасының басшысы Әсел Есжанова және осы жобаның құрылтайшысы Әділ Нұрмақов қатысты. Олар «Урбанистиканың заманауи үрдістері», «Атыраудың жайлылығын зерттеу» тақырыптарында сөз қозғады. Спикерлер қаланың қоғамдық орындарында DIY (өзіңіз жасаңыз) сессиясын және жобалау әдістерін қолдана отырып, қоршаған ортаны жақсарту жолдарын айтты.

Сондай-ақ, «Таң» дамыту және қолдау қорының эксперті Шынар Ізтілеуова «Қоғамға көпшіліктің араласуы және жүргізілген талдау нәтижелері» тақырыбында қатысушыларға 2018 жылы жүргізілген талдау нәтижелерін түсіндірді. Атырау қаласының тұрғындары үшін қаланың жайлылығын талдау нәтижелері 2018 жылы Chevron компаниясының қолдауымен Urban Forum Kazakhstan өткізген болатын. 300 адам қатысқан анализ қорытындысы бойынша, тұрғындардың 41%-ы басқа қалаға көшкісі келетінін айтса, 27%-ы көшкім келмейді деп жауап берген. Тұрғындардың қалған пайызы жауап беруге қиналады екен. Осындай мәселелердің шешімін қатысушылар бірге талқылады.

Урбанизация Қазақстан үшін сөзсіз адами капитал мен әл-ауқаттың дамуын қамтамасыз етуші құралдардың бірі. Урбандалған ортада қалаға тән өзіндік ерекше мәдениет қалыптасады, халықтың әлеуетін дамытуға барлық жағдай жасалады және жаңа технологияларға, жаңа кәсiп түрлеріне бейімделу тез жүреді.