Urban Forum Kazakhstan
БАСТАМАЛАР
2016 және 2017 жылдары Urban Forum Kazakhstan қоры Сорос-Қазақстан Қорының «Жаңа азаматтық бастамалар» бағдарламасымен әріптестік түрінде Алматыда қала жобалары конкурсын жүргізді.

Алғашқы жылы азаматтық белсенділікті арттыруға, қала үдерістерінің ашықтығына және қаланы тұрақты дамытуға жәрдемдесуге бағытталған жобалар іріктелді. 80 өтінімнің арасынан 8 жоба гранттық қолдауға ие болды.

Конкурстың келесі кезеңінде 2017 жылы жаңа критерийлер белгіленді – жобалар Алматының орталық емес аудандарында іске асырылды, жергілікті қоғамдастықтар тартылды және басқа мүдделі тараптармен әріптестік қатынастар орнатылды. 53 өтінімнің арасынан 6 жоба іріктелді.
2016
Алакай! Алакай! Музейде Балакай!
Балалар мен жасөспірімдерге арналған 10 қалалық мұражай бойынша интерактвті жолнұсқаны құру жобасы. Жоба мұражай қызметкерлерімен және дизайнерлермен жасалған Баспа материалдары мен бастапқы файлдарды мұражайларға берді, мұражайлар оларды өз бетінше басып шығара алады және жаңарта алады. Сондай-ақ олар біздің сайтта жүктеп алуға қолжетімді. Жоба аясында балалар үшін мұражайларға экскурсиялар жүргізілді.
2017
3-ықшамаудан – суретшінің үйі
Бұл жоба суретші Сергей Калмыковтың шығармашылығына арналған «Данышпанның қаласы» науқанының бір бөлігі ретінде ойластырылған болатын. Әйгілі режиссер және продюсер Рүстем Бегенов Алматыда Калмыков тұрған ықшамаудандағы үйдің ауласында және қаланың басқа жерлерінде арт-орнатым құруды жоспарлады. Жоба бұл түрінде іске асырылған жоқ және кейіннен мультимедиялық театрлық спектакль нысанын қабылдады.